Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

18.10.2021, 9:00

259 0

Kyzylorda-news.kz. 18 қазан күні ауқымды антициклонның ықпалымен ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік өңірлерде жел болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады.

0

Пікір қалдыру