Kyzylorda-news.kz. 23 желтоқсанда елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсіп солтүстік өңірлерде боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 «23 желтоқсанда Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты кей жерлерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста құрғақ ауа массалары жететіндіктен жауын-шашын тоқтайды. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, жел күшейеді», делінген хабарламада.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәүлік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шанды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарының тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Тағы да оқыңыз: