Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

21.06.2021, 9:00

332 0

Kyzylorda-news.kz. Республиканың басым бөлігінде Жаңа Жер аудандарынан шыққан терең циклон әсері сақталады, соның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Алматы облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

0

Пікір қалдыру