Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі, 19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, күн күрт суытады деп болжанды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде жауын-шашын болады. Ал шығыс өңірдегі аудандарда қар аралас жаңбыр, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

“Скандинавия түбегінен салқын антициклон соғуына байланысты республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында және шығысында, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Жел күшейіп, төңіректі тұман қаптайды және солтүстік өңірлерде көктайғақ болып, бұрқасын жүреді”, – делінген хабарламада.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, қар жауады, түнде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Павлодар, Қостанай облысында да осындай ауа райы қалыптасып, секундына 23 метрге дейін жел соғады.

Ал Қарағанды ​​облысында тұман, көктайғақ, желдің күші секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 28 метр/секундқа дейін жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Желдің күші секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжанды.

Жамбыл мен Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақтөбе мен Қызылорда және Батыс Қазақстан облысында да осы шамада жел күшейіп, кей жерлерде найзағай болады.

Ал Маңғыстау мен Атырау облысының кей аудандарында тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: