Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 15 ақпанға жасалған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР территориясының ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым аумағы жауын-шашынсыз ауа райын сақтаса, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарына циклон жырасы өз әсерін сақтайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, басым бөлігінде желдің 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында – көктайғақ, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 17-22 м/с күшеюі, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: