Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің қалған аймақтарына антициклон әсер ете бастайды, сондықтан жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел күшйіп, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде бұрқасын болады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жел қарқыны – 15-20 м/с. Шығыс Қазақастан облысында бұрқасын көтеріледі.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: