Kyzylorda-news.kz. 16 мамырда солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек елдің оңтүстігі мен орталығында антициклон жотасы ашық ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Тағы да оқыңыз: