Kyzylorda-news.kz. 3 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
ҚР солтүстік-батыс және оңтүстік аудандарына циклон әсер ете бастайды – жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, көктайғақ және температураның жоғарылауы күтіледі. Еліміздің калған территориясында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде – тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасынмен, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, батысында жел 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұоқасын күтіледі.
Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі, Алакөл маңында жел 18-23, екпіні 29 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман, күндіз батысын мен солтүстігінде желдің 15-20 күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызыолрда облысының солтүстігінде көктайғақ, орталығында тұман күтіледі.