Денсаулық сақтау: Қызылордада 22 жаңа медициналық нысан бой көтереді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Денсаулық сақтау: Қызылордада 22 жаңа медициналық нысан бой көтереді

22.11.2019, 15:38

411 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Сыр өңірінің денсаулық сақтау саласында көптеген қордаланған өзекті мәселелер шешімін тауып, апатты жағдайдағы нысандар азайған. Сондай-ақ, осы саладағы мамандар тапшылығы да өз шешімін таба бастаған. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласындағы апаттық жағдайдағы нысандар мәселесін толығымен шешеміз. Енді алдымызда – типтік емес, бейімделген ғимараттарда орналасқан медициналық мекемелердің мәселесін шешу міндеті тұр. Оған тиісті жұмыс істеп жатырмыз.  22 жаңа медициналық нысан құрылысын сала отырып, бұл мәселені 2025 жылға қарай толығымен шешетін боламыз», – деді өңір басшысы Қ. Ысқақов.

Өңірде мамандар тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2016 жылдан бастап облыс әкімінің грантын енгізілген. Бүгінде 53 резидент Қазақстанның 5 жетекші жоғары оқу орындарында дәріс алуда.

Биыл 15 білікті дәрігер өңірге келіп, аймаққа қажетті мамандықтар бойынша қызмет етуді бастаған.

Ал, өткен жылдан бастап жалпы практикадағы дәрігерлерді оқыту үшін облыс әкімінің арнайы грантын бөлу қолға алынып, бүгінде бұл гранттарды 60-тан астам маман иеленген.

Бұдан бөлек, облыста соңғы 3 жыл ішінде қосымша 61 дәрігерлік учаскелер ашылған. Бұл жалпы практикадағы дәрігерге бекітілген халық санын 2017 жылғы 2200 адамнан бүгінгі күні 1683 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 1600 адамға дейін, ал, 2020 жылы 1500 адамға дейін жеткізілетін болады.

«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы қан айналымы жүйесі ауруынан өлім-жітім 11,3 пайызға, жарақат, улану және жазатайым оқиғалардан өлім-жітім – 0,6 пайызға, қатерлі ісіктен өлім-жітім 21,4 пайызға азайды, ал, онкология ауруларын бастапқы стадияда анықтау көрсеткіші 15 пайызға артты», – деп атап өтті облыс әкімі.

0

Пікір қалдыру