Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Жексенбі күні солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басында Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан. Сондықтан жаңбыр соңы қарға ұласады деп болжанып отыр», – деп хабарлады Қазгидромет. 

Мамандардың айтуынша, демалыс күндері еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Бұл антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде тұман түсуі, жел күшеюі, ал солтүстікте, орталықта және шығыста көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Тағы да оқыңыз: