Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 18-20 шілдесі аралығында еліміздің оңтүстігі мен батысында кей жерлерді ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстіктен келетін циклон Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Кей жерлерде күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады.

Сондай-ақ кей өңірлерде бұршақ жаууы да ықтимал. Бірақ температуралық фон жоғары 30…38 градус, оңтүстікте және батыста кей жерлерде 42 градус болып қалады. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.

Тағы да оқыңыз: