Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 30 қараша – 2 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.

«Республиканың басым облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек батыста, дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: