Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш түсірді – Kyzylorda News
Басты бет

Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

15.04.2020, 15:40

981 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасап, парламенттің қандай заңдар шығаруға құқығы бар екені жазылған Конституциядағы баптың 3-тармағын ресми түсіндіруді сұрады.

«Конституциялық кеңес 2020 жылдың 15 сәуірінде парламент сенаты төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады», – делінген Конституциялық кеңестің хабарламасында.

Өтініште норма шығармашылық процеске, атап айтқанда, заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді реттеу көзін ажыратуға қатысты мәселелер қойылған.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес кеңестің отырысына материалдар дайындау бойынша жұмыс басталды, онда аталған өтініш  қаралады. 

Айта кетейік, Конституцияның 61-бабының 3-тармағына сәйкес, парламент ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға және негіз қалаушы принциптер мен нормаларды белгілеуге құқылы.