Kyzylorda-news.kz. Мамандар өсімдік майларының бірнеше түрін салыстырып, қышқылдану тұрақтылығын тексерді, деп жазады Stan.kz.

Кейбір өсімдік майларының құрамында холестерин мөлшерін ұлғайтып, жүрек аурулары мен диабетке алып келетін трансмайлар болады. Медицина қызметкерлері қышқылдануы тұрақты, яғни ең қауіпсіз майды анықтады.

Үздіктердің басында кокос майы тұр. Дәрігерлердің сөзінше, бұл майдың сапасы сегіз сағат қуырғаннан кейін де сақталады. Себебі кокос майының 90 пайызы қаныққан майдан тұрады. Сондай-ақ, зәйтүн мен авокадо майы да қауіпсіз өнімдер қатарында.

Зәйтүн майы сияқты авокадо құрамында да моноқаныққан май көп және ағзадағы қабынуды төмендететін олеин қышқылына бай. Сонымен қатар, жүрекке де өте пайдалы. Жануарларға жүргізілген зерттеу бойынша, авокадоны көп қолданып тамақтану қан қысымын төмендетеді.

Күнбағыс майын қолдануда  дәрігерлер шектен шықпауға кеңес береді. Құрамында омега-6 көп болғандықтан ағза қабынуы мүмкін. Және тез қышқылданатындықтан, бұл майда төмен температурада қуырған жөн.

Тағы да оқыңыз: