Kyzylorda-news.kz. Қауынның жұмсақ іш жүргізетін әсері бар екені анықталды. Сол себепті бұл өнімнен кімге бас тартқан дұрыс екенін диетолог Ольга Кораблева айтты, деп хабарлайды Stan.kz 

“Қауын – калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім: 100 грамм өнімге шамамен 35 килокалория. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, соның ішінде жеміс -жидекпен жеуге болмайды – бұл газ немесе диарея тудыруы мүмкін” , – деді Ольга Кораблева.

Дәрігердің айтуынша, ең жақсы нұсқа – тамақтанғаннан кейін бір сағат күту.

“Қауынның жұмсақ іш жүргізуші қасиеті болғандықтан, оны ішектің жұмысында қандай да бір төмен көрсеткіштер болған жағдайда тұтынудың қажеті жоқ: өнім бұл проблемаларды ушықтыруы мүмкін”, – деп ескертті маман.

Диетологтың айтуынша, егер гастрит, жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), холецистит (өт қабының қабынуы), асқазан жарасы өршуі байқалса, онда қауыннан бойды аулақ салу қажет.

Тағы да оқыңыз: