Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында балалар арасында коронавирус инфекциясы деңдеп барады. Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында 46 бала ем алып жатса, оның ішінде 1 жасқа толмаған 13 сәби індетпен күресуде. Ал 3 жасөспірім жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында көп бейінді облыстық балалар ауруханасының онкогематолог дәрігері Жанна Жандарбекова мәлімдеді.

«Коронавирусқа шалдыққан балалар саны күн санап көбейіп келеді. Облыстық балалар ауруханасына сәуір айынан бастап 158 бала келіп түсті. Бүгінгі күні толық емделіп шыққан балалар саны – 82. Осы орайда ата-аналарға айтарым, балаларыңызды барынша санитарлық талаптарды сақтауға шақырыңыздар. Індет жас талғамайды. Сондықтан балалармен көпшілікке жерге баруды азайтып, иммундық жүйені жақсартатын пайдалы тағамдарды көп тұтынған абзал», – деді сала маманы Жанна Исатайқызы.

Тағы да оқыңыз: