Kyzylorda-news.kz. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар зейнетақысының 10 %-ын мерзімінен бұрын алуына рұқсат беруге қатысты мәлімдеме жасады. Бұдан бұрын бұл ұсынысты қор жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Евгений Сейпульник жасаған болатын.

«Евгений Сейпульниктің коронавирустық пандемия кезеңінде салымшылардың зейнетақы жинақтарын жеке қажеттіліктері үшін пайдалану мүмкіндігі туралы бастамасы оның жеке пікірі болып табылады. БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 17 шілдеде өткізген кезекті отырысында бұл ұсыныс талқыланған жоқ», – делінген хабарламада.

БЖЗҚ мамандарының пайымынша, коронавирустық пандемия мен карантиндік шаралар жағдайында бүкіл әлемде бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен мемлекет тарапынан азаматтарды қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдануда. Бұл ретте мән беретін маңызды нәрсе – төтенше жағдайлармен байланысты мәселелерді мемлекет азаматтардың қария шағында зейнетақымен қамсыздандыруға арналған жеке зейнетақы жинақтары есебінен шешпейтіндігі.

Зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік шығыстар және жалпы экономика үшін қабылданатын шешімдердің ұзақмерзімді салдарын ескере отырып, есептеулер мен бағалау жасауды талап етеді.

«Евгений Сейпульниктің ұсынысы егжей-тегжейлі пысықтаусыз және негіздеме бола алатын есептеулерсіз ұсынылғандықтан, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің онлайн талқылауы барысында оның әлеуметтік желілерде айтылған позициясы қолдау таппады», – делінген қордың ресми хабарламасында.

AIQYN

Тағы да оқыңыз: