Kyzylorda-news.kz. БҰҰ электрондық үкімет басқармасының басшысы Акуаро Винченсо «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының промо-ХҚО-сы мен ахуалдық орталығында болды.  

«Сіздердегі цифрлық үкімет  – мақтанарлық дүние, жұмыстарыңызды барлығына үлгі етуге болады, тіпті өзге елдер үшін Қазақстанда цифрлық саясаттың қалай жасалып жатқаны және қызметтердің қалай ұсынылатыны жайлы турлар ұйымдастыруға болады. Цифрлық қызметтердің дамуы туралы айта келе, Қазақстан – болашағы зор ел деп айта аламын», – деді халықаралық сарапшы.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкіметтің жұмысын таныстыру барысында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үрдісі туралы айтып берді. 

Винченсо мырза, сондай-ақ қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді ХҚО және оның онлайн баламасы – egov.kz порталы арқылы қалай алатынын білді. Қонақ мемлекеттік корпорацияның қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету моделін басқа елдерге де пайдалануға болатынын атап өтті. 

Акуаро Винченсо, сондай-ақ Қазақстан e-үкімет рейтингісінде жоғары позицияға ие болғанын және цифрлық үкімет пен инновациялар бойынша  әлемдегі көшбасшылардың бірі болуға лайық екенін айтты.

Айта кетейік, мәртебелі қонақ Қазақстанға Алматы қаласында өтіп жатқан Digital Almaty2020 форумы аясында келді. Шара барысында жасанды интеллект ролі, цифрлық трансформация мен білім саласындағы ілкімді технологиялар сияқты тақырыптар талқыланатын болады.

Тағы да оқыңыз: