Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстан ауамағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты оңтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

ҚР шығысы мен орталығы циклон әсерінде болғандықтан, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

 Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20, кей жерлерде жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

 Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: