Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, күндіз 9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с артады.

9-13 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. 9 қаңтарда күндіз, 10-13 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. 12, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күшейеді.

9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс желінің күші 15-20 м/с артады.

9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады.

9 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с артады.

9 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 9 қаңтарда Ақмола облысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыс желі кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: