Kyzylorda-news.kz. 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифі орта есеппен 15%-ке көтеріледі. Тарифтерді көтеру жылу электр станцияларын жөндеу үшін қажет, деп түсіндірді энергетика министрлігі.

Энергия өндіретін 45 компанияның 37-сі шекті тарифті көтеруге өтініш берген.

Баға өскеннен кейін, электр энергиясын халыққа жеткізетін компаниялардың шекті тарифтері қайта қаралады.

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов энергия өндіретін ұйымдардың тарифі көтерілгеннен кейін, басқа кәсіпорындардың қызмет ақысы өсуі мүмкін екенін ескертті.

Тағы да оқыңыз: