Бүгін – Тұңғыш Президент күні – Kyzylorda News
Басты бет

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

01.12.2019, 9:00

498 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін – елімізде Тұңғыш Президент күні. 

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында «ҚР заңына толықтыру енгізу: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді. 

Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-інің Президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5% дауыспен Н.Ә.Назарбаевті ҚР Президенті етіп қайта тағайындады.

Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5 % дауысын жинап, ҚР Президенті болып қайта сайланды. Елбасы 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Президенті өкілеттілігін тоқтатты.

Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады. 

0

Пікір қалдыру