Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған 72 тонна жем тұрғындарға үлестірілді – Kyzylorda News
Басты бет

Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған 72 тонна жем тұрғындарға үлестірілді

13.09.2021, 15:06

258 0

Kyzylorda-news.kz. Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған 72 тонна жем тұрғындарға үлестірілді.

Биыл өңірдегі қуаңшылық жағдайына орай белгілі қоғам қайраткері, меценат, жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржы есебінен тұрғындарға мал азығынан қолдау шаралары жалғасуда.

Аталған қор есебінің кезекті легімен алынған 72 тонна бидай кебегі ауданға жеткізілді. Бидай кебегі Сексеуіл кенті мен Ақирек, Бөген ауылдық округтеріндегі тұрмысы төмен мал ұстап отырған отбасыларға жергілікті жердегі қоғамдастық кеңесінің шешімімен таратылды.

0

Пікір қалдыру