Фото: v-clinica.ru

Kyzylorda-news.kz  Дәрігерлердің айтуынша, марқұм анафилактикалық шок алған.

Өскеменнің №2 қалалық сотында косметикалық процедурадан кейін көз жұмған әйелдің өлімі бойынша іске қатысты үкім шықты.

Өскемендік әйел блефаропластика операциясы кезінде өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм анафилактикалық шок алған.

Сот істі «заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету, есірткі немесе психотроптық заттарды алуға рұқсат беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру немесе қолдан жасау» бабы бойынша қарады.

Соттың мәліметінше, косметологиялық қызмет көрсететін азаматша К, өзінің құрбысы А-дан бір клиентіне блефаропластика операциясын жасау кезінде көмекшісі болуды сұраған.

Операциядан кейін К, науқастың бетінде ісіну пайда болғанына байланысты құрбысынан екпе салуды сұраған.

Тағы да оқыңыз: