Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында күндіз тұман болады.

24 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады.

Көкшетау қаласында дүйсенбі таңертең тұман сақталады.

24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.

Бүгін Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: