Kyzylorda-news.kz. Қазақ қоғамындағы билер кеңесі мемлекеттік маңызды мәселелерді шешкен органдардың бірі болып табылады. Егер билер кеңесінің қалыптасуы мен дамуы тарихына терең үңілетін болсақ, бұл орган жүйесінің ежелгі көшпелі даладағы дәстүрдің жалғасы екендігін көреміз. Билер кеңесінің бастаулары ғұн, үйсін дәуірлеріне барып тіреледі. Ал қазақ хандығы құрылғаннан кейін, Тәуке хан тұсында билер кеңесі, өзінің дамуының шыңына жетті деуге болады. Билер кеңесі осы кезеңде дараланып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешетін органға айналды. Дегенмен, бүгінде Билер кеңесі қайта жанданып, өзінің беделімен әртүрлі мәселелерді шешуде қоғамда өзіндік орнын алып жүр.

Осы орайда, Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен өңірде құрылған Билер кеңесінің жұмысымен танысу және кеңес жұмысын жандандыру мақсатында Қызылорда облысының «Билер кеңесінің» төрағасы, доғарыстағы судья Зейнулла Нұрсейітов келді.

Жалағаш аудандық соттың төрағасы Асылхан Мизанбаевтың төрағалығымен ауданда құрылған билер кеңесінің мүшелерімен, ауылдық округ әкімі аппараттарының заңгер мамандарымен, медиаторлармен кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында облыс, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Қызылорда облыстық билер кеңесінің төрағасы Зейнулла Нұрсейітов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов хабарлама жасады.
Айта кету керек, жыл көлемінде Жалағаш ауданында билер кеңесі арқылы 20-ға жуық мәселе қаралып, оң шешімін тапқан.
 

17.jpg

16.jpg

Тағы да оқыңыз: