Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтті.

Шарада «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай жаңа кітаптың қазіргідей ақпарат ағыны қарқынды, журналистиканың жаңа кезеңінде таптырмайтын құрал болатынын айтты.

«Журналистиканың басты миссиясы – ағартушылық. Ал, бұл кітап осы міндет үдесінен шығып отыр” деген пікір білдірді. Бестомдық кітапты шығару барысында архив құжаттары, көптеген ғылыми еңбектер парақталған, ғалымдар пікірі ескерілген. Жалпы, құнды туындыда өткен мен бүгін, қаламы қарымды қаламгерлердің жүріп өткен өнеге болар өмір жолы көрініс тапқан. Бұл қазіргідей ақпарат ағыны қарқынды, журналистиканың жаңа кезеңінде таптырмайтын құрал болмақ», – дейді Бибігүл Жексенбай.

Тағы да оқыңыз: