Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында спорт кешені салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыстың іргетасы қаланып, қоршау жұмыстары жүргізілді.

Бесарық елді мекенінде спорт кешені құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жүргізуде. Жобаға облыстық бюджетен 362,4 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Биылғы жылға қаражаттың 190,9 млн. теңгесі бөлінген. Бүгінде спорт кешенінің жер түзету жұмыстары, іргетасын қалау, ауыз су желісі, қосалқы құрылыстарды салу, электр желісі және қоршау жұмыстары жүргізілді.

Жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі болып есептеледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтауға қосымша 171,5 млн. теңге қажет етеді.

Сондай-ақ, құрылыстың жобалық-сметалық құжатамаларына сәйкес колонналарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: