Kyzylorda-news.kz. 27 қарашадағы жағдай бойынша республика орташа қауіпті аймақта тұр.

Елдегі 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілді. Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары.

Бүгінге дейін стационарлық медициналық көмек көрсету үшін 15 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды. Карантиндік стационарларда 6 886 төсек-орын бар, республика бойынша олардың тек 3,8 %-да (264 төсек) пациент жатыр. Қажет болған жағдайда, 51 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын әзірленеді. Стационарлық, емханалық деңгейде екі айға жететін дәрілік препарат қоры жасалды.

“Бүгінде 4 млн. астам зерттеу жүргізілді, тестілеудің тәуліктік қуаты 90 мыңға жетті, зертханаларда күн сайын 40 мыңға дейін тест жасалады. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 50 мың зерттеуге жетті, яғни қазақстандықтарға ПТР-тест қолжетімді”, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Тағы да оқыңыз: