Kyzylorda-news.kz.  «Bek Air» әуе компаниясының ұшпай қалған рейстерінің билет құны жолаушыларға толығымен қайтарылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

«Халықаралық әуе кемесі қауымдастығының (ИАТА) ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта «Bek Air» әуе компаниясынан Z9 жеке идентификаторы (коды) қайтарылып алынбаған. Осы код аталған әуе компаниясына тиесілі», – делінген министрліктің хабарламасында.

Z9 кодын қайтарып алудың өзі де – «Bek Air» орындалмай қалған рейстерінің авиабилеттерінің қайтару жұмысына еш әсер етпейді.

«Әуе компаниясының ИАТА коды – ИАТА әуе компаниясымен берілген 2 немесе 3 символды жеке идентификатор. Бұл код ИАТА-ның № 762 резолюциясына сәйкес беріледі. Әуе компаниясының кодтарын әуе компаниялар, билет сатылымы бойынша агенттіктер, билеттерді брондау жүйелері мен авиациялық тасымалға қатысты өзге де кәсіпорындар пайдаланады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстерін билет алған адамдар алған жерінен билет ақшасын толығымен қайтарып ала алады», – деді министрлік.

Министрлік тараптардың бірі міндетін орындамаған жағдайда ҚР Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, екінші тарап сот органы арқылы келтірілген материалдық және моральдық шығынды талап ете алатынын еске салды.

Тағы да оқыңыз: