Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 5-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек, еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болып, бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Тағы да оқыңыз: