Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

07.10.2021, 8:50

219 0

Kyzylorda-news.kz. 7-қазан күні республиканың басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.

Солтүстікте, орталықта және оңтүстік облыстарда жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері аумағында желдің күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін дейін жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола, Павлодар облыстарының шығысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде желдің секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.

0

Пікір қалдыру