Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 24-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 24 маусым күні республиканың солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, түнде солтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жауын жауады. Ал Қазақстанның батыс бөлігінде антициклон мен жылы ауа массаларының әсерінен күн ашық әрі аптап ыстық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік пен шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Тағы да оқыңыз: