Kyzylorda-news.kz.  «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны маусымның 3-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, 3 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклон сақталады, осыған байланысты кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батыс бөлігінің кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде түнде және таңда тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Тағы да оқыңыз: