Kyzylorda-news.kz. 13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте – тұман, оңтүстік батыста – шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында – тұман болып, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: