Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

28.01.2021, 9:00

590 0

Kyzylorda-news.kz. Қаңтардың 28-і күні Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Батыс Сібірден тарайтын антициклон жотасы ықпал етеді. Соның салдарынан еліміздің шығысында бұрқасын болып, қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында – шаңды дауыл болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақмола облысында – көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынмен бірге. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі.

0

Пікір қалдыру