Kyzylorda-news.kz. Beeline Қызылорда облысындағы байланыс сапасын жақсартуды жалғастыруда. Өткен 2021 жылы оператор оңтүстік өңірде осы өңірдегі тұрғындарды мобильді интернетпен қамтамасыз етіп тұрған 3G және 4G желілерін кеңейтті.
Жаңа базалық станциялар Қызылорда (Сол жағалау ықшам ауданы), Байқоңыр (6-ықшам аудан) қалаларында, Арал (Сексеуіл кенті), Сырдария («Қайырукелді» мұнай кен орнындағы «Қазпетролгрупп» ЖШС-ның жаңа вахталық қалашығы) аудандарында іске қосылды.
Сондай-ақ компания мұнай кен орындары (Арысқұм, Қызылқия және Нұралы) мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 37 елді мекенде тұрған базалық станцияларды 4G стандартына дейін жаңартты.
Екі елді мекен — Арал қаласы мен Әйтеке би кентінде — FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы бойынша сымсыз орнықты интернет қосылды.
«Бұл жаңа технология радиосигналдарды қолдануға негізделген. Оның басты артықшылығы – интернеттің жылдамдығы. Арнайы бөлінген жиілік ресурсы мен арнаулы Wi-Fi-роутердің арқасында интернет жылдамдығы секундына 30 мегабиттен 50 мегабитке дейін жетеді. Айтпақшы, роутерге 16 құрылғыға дейін қосуға болады, яғни отбасы бюджетіне өте тиімді», — дейді Beeline-ның Қызылорда қаласындағы техникалық бөлімінің басшысы Юрий Вакуленко.
Beeline қызметтерінің сапасын жақсартуға күш салуды жалғастыруда, ол статистиканың қарқынды өсуінен көрініп тұр. Былтырғы жылдың деректеріне сүйенсек, Қызылорда облысындағы Beeline абоненттерінің 76%-ы мобильді интернетті белсенді қолданады. Орта есеппен, Қызылорда қаласының тұрғына айына 20 ГБ трафик (2021 жылғы желтоқсандағы дерек) тұтынады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 17%-ға көп.
Ranking.kz деректері бойынша Қазақстан мобильді интернеті арзан топ-10 елдің қатарына кіретінін естеріңізге саламыз. Beeline мобильді интернет сапасы жағынан Қазақстандағы №1 байланыс операторы (Vigo компаниясының дерегі). Бүгінде Beeline Қазақстанда 10 миллионға жуық абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеушінің қатарына кіреді.