Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлының төрағалығымен өткен жиында коммуналдық мекемелердің қалыптасқан қарыздарын жою және алдағы жылу маусымына дайындық барысы талқыланды.

Жиында халық үшін ең маңызды тіршілікті қамтамасыз ету нысандары басшыларының саладағы қазіргі қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында негізгі жұмыстары тыңдалды.

Мархабат Жайымбетұлы сала басшыларының жұмысын қатаң сынға алып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін және жыл басынан бері коммуналдық мекемелердің арасындағы қарыздардың өскенін айтты. Соңғы мәліметтер бойынша, бүгіннің өзінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнына «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылорда Су жүйесі» және «Энергосервис», «Дәулетэнерго», серкітестіктерініңберешектері 725 млн. теңгеге көбейген.

Ал, бір ғана «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на мекемелер 365 млн. теңге қарыз. Облыс әкімінің орынбасары кәсіпорындар арасындағы қарыздарды өтеуге жауапкершілікпен қарап, жедел шешуді және оның алдағы жылу беру маусымын ұйымдастыруда кері әсерін тигізіп, сапалы қызмет көрсетуге тікелей қатысты екендігін атап өтті. Сонымен бірге, туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына осы кезден қамдану қажеттігін тапсырды.

«Алда ең басты міндет тұр, ол – жылу беру маусымын бірқалыпты өткізу, сондықтан жылу маусымының тұрақты өтуі барлығына сын, әсіресе, нақты нысан бойынша жауапты басшыларға қойылар талап күшейеді», – деді Мархабат Жайымбетов.

Жиналыс қорытындысымен коммуналдық салада қалыптасқан қарыздарды жою және салаға қатысты басқа да қажетті жұмыстарды сапалы ұйымдастыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: