Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісідепутаттығына кандидат Балайым Кесебаева мен облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақдәулет Мақашов, Ысқақ Жанкелді, Нұридин Амитов, Тұрлыбек Жаңабеков Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жалпы халықпен байланыс жасау барысында«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Әлеуметтік мәселер төңірегіндегі халықтың ұсыныс-тілектері тыңдалып, ашық талқыға салынды. Тұрғындар тарапынан көтерілген басты мәселе Түгіскен-Келінтөбе елді мекендерін байланыстыратын автомобиль жолдарын жөндеу,  Сунақата, Еңбек, Екпінді ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту жайы болды.

«Бүгінде Жаңақорған ауданына қарасты 35 аулдық елді мекеннің барлығы да ауыз сумен қамтылған. Сапалы ауыз сумен халықты қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» партиясы Сунақата, Еңбек, Екпінді, Сүттіқұдық, Төменарық, Қожамберді, Жайылма ауылдарында  су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Тақыркөл» бас су алғышынан  №1 сорғы станциясына дейіт магистральды су өткізгішінің екінші желісінің құрылысын салуға ықпал етеді. Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру,қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарының дамуы, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауданның  артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз» – деді Б.Кесебаева

Кездесу барысында сөз алған кандидаттар әр тұрғынның ұсынысы мен өтініші партия үшін маңызды екенін айтты. Себебі, осының арқасында жаңа міндеттер қалыптаспақ. Айта кетейік, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудың 7 негізгі басымдығын ұсынады.  Алдағы бес жылдықта халықтық партия  газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін арттыру мақсатында партия Бірлік, Шалқия кенті, Жайылма ауылдарын газбен жабдықтау мақсатында жұмыс жасамақ. Нәтижесінде 5 мыңға жуық тұрғын газбек қамтамасыз етіліп, газдандыру үлесі 44,4%-ға жетпек. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар  және жеке инвесторлар есебінен шағын және орта бизнес салаларында 20 жобаны жүзеге асыратын болады. Осы арқылы  6,2 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін 5,1%-дан 4,1%-ға төмендету межеленіп отыр.

Аудан тұрғындарымен кездесу аясында кандидаттар «Nur Otan» партиясының атқарып отырған жүйелі жұмыстары мен байырқалы бастамаларына кеңінен тоқталып,  үгіт-насихат парағын таратты. Және де  «Nur Otan» партиясын белсенді түрде қолдауға шақырды.

“Nur Otan”  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: