Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

21.01.2022, 18:00

933 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соған сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пунктері арқылы елге COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға жіберіледі.

Сондай-ақ, жетім балаларды асырап алу мақсатында балалар үйіне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін азаматтың коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсырғанына 3 тәуліктен аспауы қажет немесе вакцинация немесе ревакцинациядан өткенін растайтын құжаты болуы керек. Мұндай жағдайда вакцинаның толық курсын салдырғанына 6 айдан аспағаны жөн. Соңғы 3 айда COVID-19 инфекциясымен ауырғанын растайтын құжатын көрсете алады.

Дәл осындай талаптар медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі) баруға мүмкіндік береді.

Құжатқа сәйкес, босану процесіне серіктес ретінде ПТР арқылы коронавирустың жоқ екенін көрсететін анықтамамен қатысуға болады. Мұндай жағдайда анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 тәуліктен аспайды.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.