Барыс жылы: Қай күндерден сақтанған дұрыс? – Kyzylorda News
Басты бет

Барыс жылы: Қай күндерден сақтанған дұрыс?

02.01.2022, 11:00

717 0

Kyzylorda-news.kz. Барыс жылы еліміз үшін қандай болмақ? Неден сақтану керек? Нумеролог Айсара Өмірзаққызы болжам жасады, деп хабарлайды Экспрес К.

Қоян жылынан бұрын келетін барыс жылы күрделі өзгерістердің алдындағы тыныш жыл болмақ.

—Барыс— адамдарға өзгеріс әкелетін жыл. Бұл жылы қиындық пен қуаныш қатар жүреді. Барыс — шапшаң, көздегенін алмай қоймайтын аң. Үлкен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жыл болады. Басқа қалаға көшемін, отбасын құрамын деген жандарға да сәтті жыл болады. Ата-бабаларымыз барысты қасиетті, киелі аң санаған. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, барыс жылы жайлы болған. Халық айтарлықтай қиындықтарды өткермеген. Ірі оқиғалар барыс жылынан кейін болған, яғни 2022 жыл үлкен бетбұрыстардың алдындағы тыныш жыл болмақ, — дейді нумеролог.

Нумерология бойынша барыс жылының саны — 6. Бұл үш екіліктен тұрады.

— 2 саны энергияны, өсуді, өзгеруді, қозғалысты, сенімді білдіреді. Бір орында тұрып қалмау керек. Ал 6 — еңбектің, ақша тұрақтылығының саны. Бастаған істі соңына дейін жеткізу керек. Қаржы табуға өте қолайлы жыл болады. Кез келген жетістік еңбекпен келеді. Бұл жылы тер төгіп жұмыс істеген адам ғана табысқа жетеді, — дейді Айсара Өмірзаққызы.

Нумерологияда 2022 — періште саны екен. Үш рет қайталанатын 2 — қуатты сан, ал 0 оның энергиясын одан әрі арттыра түседі. Бұл жылы қайырымдылықты көбірек жасаған дұрыс.

Жылды Венера ғаламшары басқарады. Себебі 6 саны осы ғаламшардың ықпалында болады. Венера — әйел энергиясы. Ол отбасы, махаббат және балаларға қатысты барлық нәрсеге жауап береді. Бұл жылы бойдақтар үйленіп, қыздар тұрмысқа шығады.

Коронавирустан құтыламыз ба?

— Әлемді жайлаған індеттен бұл жылы да құтылмаймыз. Коронавирус әлі жалғасады. Бірақ алғашқы жылдардағыдай қиындықтар болмайды. Болжам бойынша, келер жылы қымбатшылық болмақ. Жылдың бірінші жарты жылдығында тұрғындар осыдан зардап шегеді. Жылдың ортасынан бастап жаңа реформалар қолға алынады. Елімізде ірі саяси ауыс-түйістер болмайды. Бұл жылы жол апаты мен алаяқтық өршейді. Сондықтан адамдар осы екі нәседен сақтанып жүруі керек. Әсіресе қаржыны сақтау, жұмсау және бір нәрсені сатып алу кезінде мұқият болған жөн, — дейді нумеролог.

Барыс жылы кімдерге сәттілік әкеледі?

Нумерологиялық болжам бойынша 2022 жыл саряшаяндарға сәтті жыл болмақ. Бұл жұлдызнаманың иелері бірнеше жобаны жүзеге асырады. Қаржылық мүмкіндіктері артып, қомақты ақша табады. Бұл жылы басқа қалаға көшпеген және жұмыс ауыстырмаған жөн.

Мерген белгісіндегілер үшін де жыл жақсы жаңалықтармен басталады. Депозитке ақша салса, үй сатып алса немесе өзге де кіріс әкелетін істі бастаса, айы оңынан туады.

Балықтар үшін де барыс жылы сәтті болады. Көп жоспарлар осы жылы орындалады. Жұмыс өзгертуіне немесе басқа қалаға көшуіне қолайлы жыл болады. Үйленбеген және тұрмысқа шықпаған жандар барыс жылы бақытын табады.

Тоқтылар 2022 жылы қандай істі бастаса да сәтті болады. Сондықтан тоқты белгісіндегілер ойға алған жоспарларын осы жылы орындауға тырысуы керек.

Суқұғыштар үшін барыс жылында қуаныш пен қиындық қатар жүреді. Сондықтан қандайда бір шаруаны қолға алғанда әбден сараптап алған дұрыс.

Шаяндар бұл жылы сүйікті ісін қолға алса, табысқа жетеді. Әрине жылдың басы аса жеңіл басталмауы мүмкін, бірақ көктемге қарай барлық шаруа оңынан шешіліп жүре береді.

Қай күндерден сақтанған дұрыс?

Нумерологтың айтуынша, бұл жылы екіліктерден тұратын бірнеше күн бар. Олар:

02.02.2022

22.02.2022

20.02.2022

Бұл күндердің энергиясы өте мықты болады. Сондықтан осы күндері айқай-шу, ұрыс-керістен аулақ болған жөн.