Kyzylorda-news.kz. Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және аймақтарда туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мәселелері жөнінде кездесу өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов жүргізіп отырды, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау жөнінде Бақытжан Мақсұтұлы хабарлама жасап, аймақтарда туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қозғалған мәселе кеңінен талқыланып, қатысушыларға қажетті ақпараттар берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов барлық дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне алдағы уақытта орын алған әрбір сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар бойынша бірінші басшы ретінде дербес жауаптылықта болатындықтарын қатаң ескерте отырып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жандандыруды, қарамағындағы қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын (семинар, құқықтық оқытулар, дөңгелек үстелдер және түсіндірмелер) ұйымдастырып өткізуді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: