Бақытбек Смағұл шалғайдағы шаруалармен жүздесті – Kyzylorda News
Басты бет

Бақытбек Смағұл шалғайдағы шаруалармен жүздесті

07.07.2021, 17:00

1111 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Қазалы ауданына сапары кезінде Қызылқұм беткейіндегі малшылармен кездесті.

Халық қалаулысымен кездесуде шаруалар өңірдегі орын алған қиыншылықтарды тілге тиек етіп, көмек қолын созуды сұрады. Шаруалардың айтуынша биыл қуаңшылықтың кесірінен жерге көк шықпай, төрт түлік жейтін шөп пен ішетін су таппай қиналуда. Бір қуанарлығы, Қызылқұм беткейдегі халықтың малы ауыл маңындағы бұлақтардан су ішіп, аман қалуда.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл бұл тығырықтан шығудың жолдары қарастырылатынын айтып, «малым – жанымның садақасы» деген ағайынға қалай да көмек берілетінін жеткізді.

0

Пікір қалдыру