Kyzylorda-news.kz Түркістан облыстық сотында балаларын өлтірді деп күдікке ілінген атышулы сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістанда өзінің екі баласын буындырып өлтірген қызылордалық әйел сотталды. Сотталушы 15 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді.

Алқабилер алқасы істі бірнеше ай бойы қарады. Журналистерге сотталушы мен алқабилерді түсірмеу шартымен сот процесін көрсетуге рұқсат етілді.

Еске сала кетейік, 7 ақпанда Түркістанның жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Кейбір мәліметтер бойынша оларды анасы жастықпен тұншықтырып өлтірген. Ол балаларын өлтірейін деп жатқанын жақындарына айтқан.

Видеодан скриншот/Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: