Kyzylorda-news.kz. Қазіргі танда балалардың отпен ойнауы, көптеген қайғылы жағдайларға алып келіп жатқанын білеміз. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ата-ана балаға өрт қауіпсіздігі туралы жиі айтып, түсіндіріп отыруы қажет.

Сіріңкелерді, газ плиталарын, электр құралдарын дұрыс пайдалануды көрсеткеннен гөрі тыйым салған оңайырақ. Баланың 3 жастан бастап қоршаған әлемді танып білуге, әр нәрсенің қызметін, қалай жұмыс істейтінін білуге қызығушылық танытады. Алайда бала кішкентай ғана жалынның үлкен трагедияға алып келетінінен бала бейхабар. Сондықтан балаға кішкентай кезінен өртке қарсы тақырыптарда сөйлесіп, өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, қандай әрекеттер жасау керектігін айтып, үйрету қажет.

Қорыта айтқанда, үлкендердің міндеті жас жеткіншектерге өрттің тілсіз жау екендігін, сонымен қатар өрт қандай жағдайда пайда болатынын балаларға түсіндіру және балабақшалар мен мектептерде өрт қауіпсіздігі ережелері туралы бейнероликтер көрсетіліп, өрт оқиғасы туындағанда әрекет ету тәртібін үйрету керек.

Есте сақтаңыз:

  • Балаларды үйде қараусыз жалғыз қалдырмау;

  • Балаларға сіріңке (оттық) және т.б тұтатқыш заттармен ойнауына жол бермеу;

  • Тұрмыстық электр қондырғыларын пайдалануларына жол бермеу;

  • Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды үйрету;

  • Өрт болғанда 101 немесе 112 нөміріне қонырау шалуды үйрету.

О.Тұрсынбаев,

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты

Тағы да оқыңыз: