Kyzylorda-news.kz. Ақмола облысында бала асырап алу құпиясын ашқан тұрғының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше жыл бұрын отбасы баланы ресми түрде асырап алып, құпияны сақтау мақсатында тұрғылықты жерін өзгерткен. Алайда баланы асырап алу туралы отбасының жаңа тұрғылықты жері бойынша хабарланды. Баланың ата-анасы полицияға арыз берген.

«Тексеру барысында полицейлер бала асырап алу туралы мәліметтерді жария етуге қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болды. 18 сәуірде әйел жәбірленушімен жанжалдан кейін бұл ақпаратты асырап алынған балаға айтты. Мойындау айғақтары бар», – деп атап өтті ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты ҚР ҚК 138-бабы «бала асырап алу құпиясын жария ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: