Kyzylorda-news.kz  «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» және «Ұлттық мұра» жобалары аясында партияның қалалық филиалында көп балалы, алтын құсақты аналармен кездесу өтті.

Жиында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы ақ жаулықты аналардың қоғамдағы елеулі рөлін тілге тиек етіп, партия мүшелері ретінде барлық бастамаларға қолдау білдіріп жүргеніне алғыс білдірді.

Отбасы, ана, бала тақырыбы – күнделікті тіршіліктің тірегі. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігі ретінде қоғамға қажетті көптеген міндеттерді орындай отырып, ел дамуында үлкен рөл атқарады.

Қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.

Еркін форматта өрбіген диалогқа партияның қалалық филиалына қарасты бірнеше бастауыш партия ұйымдарынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері қатысты.

Жиында көпбалалы аналарға белсенді жастардан отбасылық өмірдің қызықтары, жар таңдау, бала тәрбиесіне қатысты сауалдар жолданды.

Шара соңында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы көпбалалы аналарды Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.

e67b5c68-50a5-40c0-91cd-cef4ef59d519.jpg975e6e20-53c1-4c8c-99bf-41b585d310ec.jpg

Тағы да оқыңыз: