Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінде өткен есепті кездесуінде бизнес өкілдері салаға қатысты мәселелерімен бөлісті.

Есепті кездесуде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және Палатаның Байқоңыр қаласындағы филиал директоры Алмат Өтегенов Палатамен атқарылған жұмыстар туралы кәсіп иелеріне жан-жақты ақпарат беріп өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер салық саласы бойынша заңнамадағы өзгерістер, жеңілдіктер жөнінде сұрап, бақылау-кассалық аппараттарға қатысты проблемаларды ортаға салды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік мақсатта берілетін жеңілдетілген несие алудағы кепіл мүліктің мәселесін, айналым қаражатына берілетін несиелерде жеңілдіктің жоқтығын, жер телімін алуға қатысты жайтты, жолаушы тасымалымен айналысуда автобекеттің, жол жүру белгілерінің проблемаларын да айтып өтті.

Айта кету керек, өткен жылы Байқоңыр қаласы бойынша «Бастау» жобасы бойынша 148, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 34 адам біліктілігін жетілдіріп, олардың ішінде 87 «Бастаулық», 17 «жас кәсіпкерлік» 100-ден 200-ге дейінгі айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттің қайтарымсыз қаржысына ие болды.

Тағы да оқыңыз: