Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 31 шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған және осы уақытқа дейін орбитада тұрған «Прогресс МС-12» ғарыш кемесі өз қызметін аяқтайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

«29 қараша күні ресейлік ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шығарылды. Кеменің қозғалтқыштарын тежеуішке қосқаннан кейін ғарыш кемесі атмосфераға еніп, жартылай күйіп кетеді. «Прогресс МС-12»-нің жанбаған сынықтары Тынық мұхитының кеме жүрмейтін бөлігіне батырылады, деп хабарлады «Роскосмос» баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ХҒС-да жаңа ғарыш кемесін қабылдауға дайындық жүруде. «Прогресс МС-13» ғарыш кемесі Байқоңырдан 2019 жылдың 6 желтоқсанында ұшырылады.

Тағы да оқыңыз: