Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында сауда орталықтарының бірінде контрафактілік сағаттарды  сатқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Жедел уәкілдер бұл азаматтың лицензиялық келісім-шартынсыз «Rolex», «Daniel wellington», «Rado», «Calvin Klein», «Hublot», «Tissot», «Apple», «Burberry» және «Longines» маркалы ерлердің қол сағаттарын тәркіледі.

“Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 3-бөлігінің 2 тармағы (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Мән-жайлар анықталуда” , – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: